Размер шрифта: больше или меньше

Отчеты акима района

Отчет акима района

Категория: Отчеты акима района
Дата: 17.03.2016
Просмотры: 570 Печать страницы
Аудан әкімі А.И.Тохтасуновтың
аудан тұрғындары алдында
беретін қорытында есебінің мәтіні
 
Құрметті Бахтияр Әлтайұлы!
Қадірлі жиынға қатысушылар!
 
Әр жылдың өз үлесі мен өз табысы бар. Өткен 2015 жыл аудан үшін үлкен жетістік жылы болды. Сонымен бірге Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты халыққа арнаған Жолдауын қолдап, қуаттап, жаңа жылды үлкен сеніммен қарсы алып отырмыз. Бұл Жолдауында Елбасымыз Қазақстанның болашағы үшін Үкімет және жергілікті әкімдердің алдына, жалпы халыққа нақты жоспарлар белгілеп, оларды бірлесе жүзеге асыруды міндеттеп отыр.
Биылғы Жолдауы әлемдік дағдарыс жағдайындағы мемлекеттің іс-қимылына, еліміздің жаңа экономикалық ортаға бейімделу шараларына арналды.
Бұл – жеке бастамашылық арқылы экономиканы өркендету.
Бұл – 100 нақты қадам реформаларын жүзеге асыру.
Бұл – Жалпыға ортақ Еңбек Қоғамы және әр азаматтың әлеуметтік жауапкершілігі.
Елбасымыз Жолдауында айтқандай: «Біріміз бәріміз үшін, бәріміз біріміз үшін» деген қағиданы ұстанып, еңбек етуге тиіспіз. Сәт сайын құбылған аласапыранға сай амал табуымыз керек. Біздің мақсатымыз – елі бақытты, жері гүлденген Отанымыз Қазақстанды Мәңгілік Ел ету».

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2019. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.