Чунджа +27 C°
Размер шрифта: больше или меньше

Информация

2016 жылдың 24 ақпан мен 24 наурызы аралығында «Дүниежүзілік туберкулезбен күресу күні (24наурыз) және туберкулездің алдын алу бойынша» айлық аясында
Алматы облысы Ұйғыр ауданында өткізілген іс-шаралардың қорытынды есебі
 
Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 01 ақпандағы №922 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейінгі Стратегиялық даму жоспарын іске асыру жөнінде, Алматы облысының денсаулық сақтау басқармасының Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күнін және туберкулездің алдын алу айлығын өткізу туралы 23.02.2016жылғы №82-Н бұйрығына сәйкес, халыққа туберкулездің алдын алу және дер кезінде медициналық көмек алу қажеттігі туралы ақпараттандыруды арттыру, әсіресе жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында, 2016 жылдың 24 ақпаны мен 24 наурызы аралығында «Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күні және туберкулездің алдын алу» бойынша айлық өткізілді. Айлықты ұйымдастыру және өткізу үшін Ұйғыр аудандық орталық аурухана директоры Г.Кадыровтың 26.02.2016 жылғы №165-Н бұйрығына сәйкес ауданда жұмыс тобы құрылып, айлық жоспары  бекітілді.
Бұл айлықты ұйымдастырудағы негізі мақсат:
- Халықтың туберкулездің алғашқы белгілері, дер кезінде медициналық көмекке жүгінудің маңызы, профилактикалық шаралар және уақытында емделудің тиімділігі туралы хабардарлығын арттыру;   
- МСАК дәрігерлерінің ТБ-ны ерте диагностикалау мен профилактикалық шараларды күшейтуге қатысты сақтықты арттыру;
-  Жұмыс беруші мен қызметкердің өз денсаулықтарына ортақ жауапкершіліктерін қалыптастыру, салауатты өмір салтын ұстану мен профилактикалық тексеруден уақытылы өтуге жағдай жасау;
- Қазақстан Республикасында аталған ауру мәселесіне көзқарасты өзгерту жұртшылықты тарту, туберкулез бойынша жағдайды жақсарту үшін қоғамның күшін жұмылдыру мақсатында аталған ауруға жұртшылықтың назарын аудару.
Айлық барысында ауданымыздың барлық ЕСҰ-да туберкулездің алдын алу бойынша іс-шаралар ұйымдастырылды.
   Аудан бойынша 28 мекемеде әр түрлі контингенттегі 2128 адамға туберкулездің алдын алу бойынша әр түрлі бейнероликтер көрсетілді. Атап айтқанда: Аудандық орталық ауруханада, Қалжат, Ү.Ақсу, Ават, Тасқарасу ауылдық округтерінде, Чарын, Сүмбе, Кетпен ауылдық учаскелік ауруханаларда, Ават, Тиірмен, Қалжат, Кіші Дихан дәрігерлік амбулаторияларында, және ауданның 16 орта мектебінде.
2016жылдың 5 наурыз күні орталық аурухананың емханасында және ауданның барлық 25 ЕСҰ-да «Ашық есік» күні ұйымдастырылып, 780 адам мамандардың қабылдауында болды.
Айлық барысында 14 мекемеде медициналық қызметкерлер арасында семинарлар ұйымдастырылып, 634 адам қатыстырылды.
Орталық емханада, туб.кабинетте, профилактикалық кабинетте, СӨСҚ кабинетінде, Шарын және Кетпен ауылдық учаскелік ауруханаларының денсаулық мектептерінде денсаулық сабақтары өткізіліп, 62 адам қамтылды. Сабақтар барысында қауіпті топтағы бұл адамдар мамандардың кеңестерін алды.
Қалжат, Ширин және Тасқарасу ауылдарында медициналық қызметкерлердің ұйымдастыруымен 3 конференция өткізілді. Іс-шараға барлығы 87 адам қатысты. Бұл конференцияларда айлық барысында өткізілген іс-шаралар, жалпы осы ауылдардағы туберкулез ауруымен аурушаңдық жағдайлары, профилактикалық шаралар т.б мәселелер талқыланды.
Ауданның 14 медициналық мекемесінде тақырып бойынша дөңгелек үстелдер өткізілді. Бұған жалпы 147 адам қатысты.
Айлық барысында емдеу-сауықтыру ұйымдарында, мектептерде барлығы 12 санбюллетень, денсаулық бұрыштары, стендтер шығарылып, салауатты өмір салтын ұстану бойынша көрмелер ұйымдастырылды.
Айлық кезінде медициналық қызметкерлер тарапынан 681 адаммен сұхбат жүргізіліп, тиісті кеңестер берілді.
Қалжат, Тасқарасу, Чарын, Сүмбе, Тиірмен және Кіші Дихан ауылдық округтерінде мекеме жетекшілері мен жұмысшылары арасында туберкулездің алдын алу бойынша жиналыстар өткізілді. Қамтылған адам саны-182.
Дәрігерлер тарапынан ауданның 17мемлекеттік мекемесінде «Туберкулездің алдын алу» тақырыбында лекцияларды оқыды. Бұл іс-шарамен 510 адам қамтылды.  
16 білім беру мекемесінде 5-11сынып оқушыларына денсаулық және сынып сағаттары өткізілді. Іс-шарамен 287 оқушы қамтылды.
№1;№3 Шонжы орта мектептерінде, Долайты, Чарын қазақ мектебінде, Тиірмен ұйғыр мектебінде және Садвакасов атындағы орта мектептерде өткізілген лездемелерде 9-10сынып оқушыларының қатысуымен «Біз туберкулезді жеңеміз!» тақырыбына флеш-мобтар ұйымдастырылды. Бұл іс-шараға 165 оқушы қатысты.
Сондай-ақ ауданның 5 жалпы білім беретін мекемесінде әр түрлі дебаттар өткізіліп, оған 145 оқушы қатысып, өз ой-пікірлерімен бөлісті. Тасқарасу, Қырғызсай, Қалжат орта білім беретін мекемелерінде  9-11сынып оқушыларына сауалнамалар және туберкулез ауруы бойынша түсініктерін байқау мақсатында тест тапсырмалары жүргізіліп, нәтижелері шығарылды. Бұл іс-шараға барлығы 137 оқушы қатыстырылды. Саулнама және тест нәтижелері оқушылардың туберкулез ауруы жайында білімдерінің жеткіліксіз екендігін көрсетті. Алдағы уақытта бұл мәселеге көңіл бөлу  қажет. 
Ауданның 33 мектебінде 840 адамды қамтыған ата-аналар жиналысы, 7062 оқушыны қамтыған диктант сынамалары өткізілді. Бұл іс-шаралардың барлығы туберкулездің алдын алуға бағытталды.
Сондай- ақ ауданымызда туберкулездің алдын алу бойынша аудандық «Іле өңірі-Или тәвәси» газетінде 11.03.2016ж СӨСҚ бөлмесінің дәрігер-валеологы Н.Кадыровтың «Туберкулез және жүктілік» тақырыбында 1 мақаласы жарияланды (таралымы 3200дана).
Мектептерде өткізілген семинарлар:
 №1мектеп
                                                                     №2 мектеп
 
                                                                № 4 мектеп
№3 мектеп
  №5 мектеп
Шонжы медициналық колледжі