Размер шрифта: больше или меньше

Противодействие коррупции

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның 2019 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша қызметі туралы, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу туралы

Категория: Противодействие коррупции
Дата: 08.11.2019
Просмотры: 10 Печать страницы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның 2019 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша қызметі туралы, сондай-ақ сыбайлас жемқорлықтың алдын алу туралы

АҚПАРАТ

 

Ұйғыр ауданының әкімдігі 2019 жылдың бірінші жартыжылдығы, Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру және көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2020 жылдарға арналған аймақтық іс-шаралар жоспары жауапты мемлекеттік органдарға және мекемелерге орындау үшін жолданып, аудан әкімідігі тарапынан іске асыру жөнінде орындалу мерзіміне сәйкес қадағалау жасайды.

І. Мемлекеттік қызмет саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша:

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңның 8-бабының 5-тармағына сәйкес жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізіліп, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша тиісті ұсыныстар енгізілді. Ұйғыр ауданы көлеміндегі барлық 14 ауылдық округтерінде, 15 мемлекеттік мекемелерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы бұйрықтарына сәйкес, 2019 жылдың бірінші жартыжылдығына ішкі талдау жүргізілді.  

«Мемлекеттік басқару органдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» тақырыбы бойынша ауданның 9 мемлекеттік қызметшілері Талдықорған қаласындағы Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Алматы облысы бойынша департаментінде биліктілігін арттырды.

«Нұр Отан» аудандық филиал партиясымен бірлесіп, мемлекеттік органдар арасында сыбайлас жемқорлық көріністерін алдын алу жөніндегі жұмыстың дұрыс жолға қойылуына 2 рет конкурстар, сондай-ақ 1 форум ұйымдастырылды.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша «Парасыз болашаққа. Бірге!» бағдарламасы аяасында аудан әкімі орынбасарының басшылығымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша ақпараттық-насихаттық мобильдік тобы құрылып, бекітілген жоспар бойынша әр аптаның бейсенбі күні жоспарға сай аудан көлемінде қоғамдық қабылдаулар жүргізуде. Бұл топ арнайы безендірілген көлікпен жүріп, аудан орталығы және ауылдық округтерге барып халық көп жиналатын қоғамдық орындарда сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған ақпараттық жадынамалар, плакаттар орналастыру бойынша жұмысты жүргізеді.

Құқық қорғау органдары және басқа да мемлекеттік органдары басшыларының қатысуымен  2 рет семинарлар,  3 рет «дөңгелек үстел»  өткізілді.

            Сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мақсатында жеке және заңды тұлғалардың ұсыныс-пікірлеріне және өтініштеріне арналған жәшіктер қойылып, сондай-ақ интернет-ресурста аудан әкімі аппаратының «Сенім» телефондары енгізілген.

Аудан әкімдігінің кеңейтілген отырыстарында мемлекеттік органдар басшыларының сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарының алдын алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмысы туралы есептерін тыңдаулар тәжірибеге енгізілді. Мысалға: Ақпан айында ұйымдастырылған аудан әкімдігінің мәжілісінде «ауданда көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді оңтайландыру және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін төмендетуге бағытталған шаралар туралы» мәселесі қарастырылып, тиісті хаттамалық тапсырмалар берілді.

ІІ: «Нұрлы Жер» бағдарламасын іске асыру кезінде заңдылықты қамтамасыз ету бойынша қолға алынған шаралар бойыншы:

Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке алу бойынша мәліметтерге, сондай-ақ тұрғын үй алған азаматтардың  тізімдеріне еркін қолжетімдікті қамтамасыз ету мақсатында аудан әкімінің ресми сайтында «Тұрғын үй кезегі» арнайы тарау ашылған. Тұрғын үй алуға тұрғандардың тізімі әрбір алты ай сайын жаңартылып, орналастырылады.

Сонымен қатар, аудандық «Қара Дала тынысы-Қара Дала Нәпәси» «Іле өңірі – Или тәвәси» аудандық газеттерінде  сыбайлас жемқорлықа қарсы тақырыпта 2019 жылдың 1 мамырына барлығы болып 4 мақала жарияланған.

Ауылдық округтер бойынша қоғамда сыбайлас жемқорлық тәртібіне төзбеушілікті орнатуға бағытталған әлеуметтік жарнамалық өнімдерді, сыбайлас жемқорлық көрінісінің фактілері туралы белгілі болған жағдайда хабарласу үшін құқық қорғау органда-рының телефон нөмірлерін көрсете отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптамаға сыртқы визуалды жарнамалар бильбордтарға орналастырылды.

ІІІ. «Жетісу – адалдық алаңы» жобасын іске асыру барысы бойынша:

Ұйғыр ауданы әкімдігі бөлімдерінің басшыларына өздерінің қызметкерлері арасында жиі-жиі сыбайлас жемқорлыққа қарсы профилактикалық әңгімелерді, отырыстарды, дөңгелек үстелдерді өткізіп, жемқорлыққа қарсы заңнамаларымен және оларға өзгерістер мен толықтырулар енгізгені туралы таныстыру жұмыстарын жүргізу жүктелді.

33 орта мектепте «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубтары ұйымдастырылды, онда 1750 оқушы мүше болып табылады. 2019 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша үлгілік тәрбие жоспары құрылып, бекітілді және жүзеге асырылуда.

Аудан әкімі аппаратының ғимаратында «Жетісу – адалдық алаңы» жобасы бойынша халықты өздерін мазалаған сұрақтар бойынша қабылдайтын кабинет ашылды және құрамы жасақталды.

Жастар ұйымдарын тарта отырып, ауданда «Айбынды жастар» қоғамдық ұйымы құрылған. Аталған қоғамдық ұйым сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәрбие мәселелерін жұмыс жоспарына енгізе отырып, білім беру мекемелерінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру жөніндегі бейнероликтерді, әлеуметтік сауалнамаларды таратады.

 

Аудан әкімінің апта сайынғы аппарат кеңесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәселе бойынша түсіндіру жұмыстары тұрақты түрде жүргізіледі

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2019. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.