Чунджа +30 C°
Размер шрифта: больше или меньше

Объявления

«Пробация» Жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде!

Категория: Объявления
Дата: 13.03.2020
Просмотры: 99 Печать страницы
«Пробация» Жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде!
Алматы облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің Ұйғыр аудандық пробация қызметі бөлімшесінде қоғамнан оқшаулаумен байланысты емес жаза түріне сотталып, есепте тұратындардың жүріс тұрыстарына бақылау жасауды, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министірлігінің 2014 жылғы 18 тамызында бекітілген № 517 бұйрығына сәйкес, Ұйғыр ауданының полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметімен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2019 жылғы 30-шы желтоқсандағы №185 бұйрығымен бекітілген 2020 жылға арналған жоспарының 86 тармағын орындауға байланысты, Алматы облысы бойынша ҚАЖ департаментінің нұсқамасына сәйкес, 2020 жылдың наурыз айының 09 – мен 18-і аралығында өткізілетін «Пробация» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде, осыған байланысты есепте тұратын сотталған адамдардың жүріс-тұрысына, жұмыс орындарын, тұрғылықты мекен-жайлары бойынша қадағалау жұмыстары ұйымдастырылып, есепте тұратын тұлғалар тарапынан жасалынатын қылмыстық құқық бұзушылықтың алдын - алып, олардың жолын кесу негізінде жұмыстар жүргізілуде. Егер сотталған адамдар тарапынан қандайда бір заң бұзушылықтардың жасалғандығы анықталған жағдайда, оларға тиісті шаралар қолданылатындығы жайында ескертіледі.
Пробация қызметінің есебінде тұратын сотталған адамдардың тұрғылықты мекен-жайылары бойынша ауылдық округтер бойынша қызмет атқаратын учаскелік полиция инспекторларымен бірлесіп арнайы тексеру жұмыстары жүргізіліп, олардың жақын туыстарымен әңгіме сұхбат өткізіліп, сотталған адамдардың өздеріне, соттпен жүктелген міндеттерімен жаза өтеу тәртібі түсіндіріліп, ҚР ҚК-нің 44-63 баптары бойынша жаза тағайындалған сотталғандардың, қоғамдық тәртіп бұзбаулары, әкімшілік және қылмыстық жауапкершілікке тартылмауларын және жаза өтеуден жалтарынбаулары туралы ескертіліп, профилактикалық жұмыс жүргізілуде. Ұйғыр аудандық пробация қызметі бөлімшесінің есебінде тұратын адамдар тарапынан қайталап қылмыс жасап, әкімшілік және қоғамдық тәртіп бұзған жағдайда жаза түрлері өзгертіліп, бас бостандығынан айырылып, жаза мерзімдерінің ұзартылатындығы жайында үнемі ескертіліп, түсіндіру жұмысы жүргізіліп тұрады.
Бұл ретте Ұйғыр аудандық пробация қызметі бөлімшесінің қызметкерлері есепте тұратын тұлғаларға өздерін дұрыс ұстап, қоғамдық ортаға бейімделуі, адамдарға деген көз қарастарының жақсаруы өз қолдарында екендігін түсіндіреді.
Алматы облысы бойынша ҚАЖ
департаментінің Ұйғыр аудандық
ПҚБ –нің аға инспекторы
әділет капитаны
Е.Н.Нукатаев
13.03.2020 ж

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2020. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.