Размер шрифта: больше или меньше

Новости

Ауданда «Ауыл - ел бесігі» мен «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша ауқымды жұмыстар атқарылуда.

Категория: Новости
Дата: 22.10.2019
Просмотры: 21 Печать страницы
                                        «Ауыл - ел бесігі»
 
                Нұр Отан» партиясының XVIII сьезінде ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Ауыл - ел бесігі» атты арнайы жобаны іске асыруды тапсырған болатын. «Ең алдымен Үкімет әкімдер мен мәслиxаттармен бірлесе отырып, болашағы бар ауылдарды іріктеп алуы тиіс. Сол жерде әлеуметтік саланы дамытып, интернаттар салу қажет. Ауылдарды тұрақты даму ошақтарына айналдыруымыз керек. Осы орайда Қытай Халық Республикасының тәжірибесіне сүйеніп, ауылда xалық тұтынатын тауарларды шығару, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу және басқа да шараларды қолға алған жөн. Ондай ауылдарда баспана мен жолдарды салып, шағын және орта бизнесті дамыту қажет. Ал болашағы жоқ елді мекендердің тұрғындары сол ауылдарға көшуге тырысады. Ауылда ақша тауып, лайықты өмір сүруге болады. Осыған байланысты  Үкіметке «Ауыл - ел бесігі» деген арнайы жобаны іске асыруға қатысты ұсыныстарды әзірлеуді тапсырамын. 2019-2021 жылдары оған   90 миллиард теңге бөлу керек. Соның арқасында жастарды ауылда ұстап қалуға мүмкіндік бар»,-деді Н.Назарбаев.
          «Перспективалық ауылдарды дамыту үшін «Ауыл - ел бесігі» арнайы жобасы қаржыландырылады. Оған үш жылда 90 миллиард теңге бөлінеді. Жоба 1 500 перспективалық ауылды қамтитын болады. Олардың тізбесі жасалды. Ауылдың болашағы бар ма, жоқ па, xалықтың тығыздығына, орналасқан жеріне, даму әлеуетіне және тағы басқа көрсеткіштерге қарай айқындалады»
     Елбасының «Ауыл – Ел бесігі» арнайы жобасының іске асырылуын қамтамасыз ету мақсатында ауданға 2019 жылға 4- жоба қарастырылды.
       1. Шонжы ауылының көшелеріне  2019 жылға орташа жөндеу жұмыстарына 828,5 млн теңге қаражат бөлінді, «Алматы жолдары» ЖШС-імен ашық конкурс тәсілі мен 745,7 млн теңгеге келісім шарт түзілді.          82,8 млн теңге үнемделді. Биылғы жылға  416,6 млн. теңге қаражат бөлініп 131,4 млн. теңге игерілді (өтпелі нысан   2019-2021 ж.);
       2. Шонжы  ауылындағы Илья-Бахтия, Е.Нысанбаев және  М.Тейипов көшелеріндегі көне 706 метр су  желісін ауыстыру жұмыстары  бойынша  мердігер «КZ Constraction group»  жауапкершілігі   шектеулі серіктестігімен 17 413 мың теңгеге келісім шарт  жасалынып жұмыстар 95 паызға атқарылды. Ол 706 метр  су желісі тартылып, «Ұйғыр су құбыры» мемлекеттік қазыналық мекемесіне  жаңа электрлиттік модульдік қондырғы орнатылып іске  қосылды.
         3. Шонжы ауылының кәріз жүйесінің имаратына ағымдағы жөндеу  жұмыстары  бойынша мердігер «КазИнвестСтрой» жаупкершілігі шектеулі серіктестігімен  13 192 мың теңгеге келісім шарт жасалынып кәріз жүйесі имаратына екі насос, станцияға ағымдағы жөндеу, биологиялық тазарту  станциясы тазартылып, 12 кәріз сұйықтығының 6-ы тазартылып жоспардағы шығарылатын көлемі  80 пайызға орындалды.
         4. Шонжы ауылына дене шынықтыру-сауықтыру кешенін салуға     1 млрд. 215млн. 259 мың теңге бөлініп, конкурстың қортындысы күтілуде. 2020 жылы құрылыс жұмыстары жалғасады.
 
Аудан бойынша  «Дипломмен ауылға» бағдарламасының
орындалуы туралы
          Елбасы, Нұрсұлтан Назарбаев­тың жастарға деген қамқорлығы мен Қазақ­станның болашақ мүд­десі үшін жүргізілген мемлекеттік саясаттың нәтижесінде жастарға деген қамқорлық еселеп артуда. Бүгінде Елба­сының тікелей бастамасымен егемен елімізде әр азаматтың сали­қалы өмірі, тұрғындардың әлеуметтік қор­ғалуы мен жұмыссыздықты жою мақсатында талай жаңа бастамалар мен идеялар жүзеге асуда. Осындай дер кезінде қабылданған, маңызды да мазмұнды жобалардың бірі – «Дипломмен – ауылға» идеясы. Елбасының бастамасымен дүниеге келген бұл жобаға сәйкес бүгінде жастарды әлеуметтік қолдау қарқынды жүргізілуде.                                                                                            Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 18 ақпандағы №183  «Ауылдық елді мекендерге жұмыс істеу және тұру үшін келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну мөлшерін және ережесін бекіту туралы» қаулысы қабылданғанын айтсақ та жеткілікті.
           Осы қаулыға орай ауданға келген жас маманға қаржы мамандардың қолына қаулыға сәйкес әлеуметтік қолдау шаралары бойынша 70 еселік айлық көрсеткіш мөлшерінде көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алу үшін 2010 жылы 630 еселік айлық көрсеткішке тең қаражат берілді. Ал, 2011 жылдың 1 шілдесінен бастап 1500 айлық есептік көрсеткішке жетті. Тұрғын үй сатып алу үшін берілетін несие 15 жылға 0,01 пайыздық ставкамен беріліп келеді. Бұл да біршама жеңілдік екенін ескерген жөн. Жұмысқа қабылданған маман несие немесе көтерме жәрдемақы алған кезден бастап кемінде 3 жыл бойы осы салада қызмет етуі тиіс.                                    
         Қаулыға сәйкес 2019 жылы  көтерме жәрдемақы төлеуге 25  жас маманға 4 млн 419 мың теңгесі көтерме жәрдем ақы, 15 жас маманға              56 млн. 813 мың теңгесі тұрғын үй несиесіне қарастырылды.  Осы жылдың    9-айында 25жас маманға 4 млн. 418,8 мың теңгесі көтерме жәрдем ақы,          15 жас маманға  56 млн. 227 мың теңгесі тұрғын үй несиесін алуға төленді.       .        Көтерме жәрдемақы алғандар жалпы - 25 адам, оның ішінде: білім беру саласына 16 жас маманға, денсаулық сақтау саласына 6 жас маманға, мәдениет саласына 2 ветеринария саласына 1 жас маманға төленді.
         Несиеге тұрғын үй сатып алғандар 15 адам. Оның ішінде: білім беру саласына 11 жас  маманға,  денсаулық  сақтау саласына 3 жас маманға, ветеринария саласына 1 жас маманға қаражат беріліп, үй сатып алды.
         Дипломмен – ауылға» бағдарламасы бойынша  ауылдарға келген жас мамандар бүгінгі күнде елді мекендерде  өз мамандықтары бойынша аталған салаларда жұмыс істеп жатыр. Оларға жолығып, олардың көңіл-күйлерімен, тұрмыстық жағдайларымен танысқан кезде біздің ұққанымыз: Үкімет, облыс, аудан басшыларының қамқорлығы үшін бәрі де ризашылық сезімдерін білдіріп, алғыс айтып отыр.
       Кейбір несие алушылардың тиісті мерзімде құжаттарын рәсімдеп үлгермеуіне байланысты және жас мамандарға көрсетіліп отырған жеңілдіктердің мәнісіне түсінбеуіне орай оларға үнемі түсінік жұмыстары  жүргізіледі.
 
   Аудандық экономика және бюджеттік
   жоспарлау  бөлімінің басшысы М.Исмаилов
 

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2019. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.