Чунджа +26 C°
Размер шрифта: больше или меньше

Мониторинг деятельности

Ұйғыр ауданының Қоғамдық кеңесімен атқарылған жұмыс туралы аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы Қ.Мереимовтың 2016 жылғы 03 наурыздағы аудандық Қоғамдық Кеңестің отырысына ЕСЕБІ

Дата: 03.03.2016
Просмотры: 584 Печать страницы
Ұйғыр ауданының Қоғамдық кеңесімен атқарылған жұмыс туралы аудандық Қоғамдық кеңестің төрағасы Қ.Мереимовтың 2016 жылғы 03 наурыздағы аудандық
Қоғамдық Кеңестің отырысына
ЕСЕБІ

 
 
Құрметті Қоғамдық кеңес мүшелері!
 
2016 жылдың 26 ақпанында аудандық Қоғамдық Кеңестің алғашқы отырысы өткізіліп, оның төралқасы қалыптастырылды.
Аудандық Қоғамдық кеңестің жұмысын қамтамасыз ету мақсатында аудандық атқарушы және өкілді органдар тарапынан келесі жұмыстар атқарылды:
Аудан әкімі Алимжан Имтахунұлы Тохтасуновтың тікелей қолдауымен, Қоғамдық кеңеске 1 жұмыс кабинетін бөлу және қажетті кеңсе жарақтарымен қамтамасыз ету мәселелері қарастырылуда. Алдағы уақытта қоғамдық кеңестің отырыстарын тұрақты өткізу үшін «Нұр Отан» партиясының Ұйғыр аудандық филиалы ғимаратының акт залын белгіліп берді.
Қазақстан Республикасының "Қоғамдық кеңестер туралы" Заңына сәйкес аудандық мәслихат аппараты Қоғамдық кеңестің ұйымдастырушылық жұмысын қамтамасыз ететін орган ретінде айқындалды.
Қоғамдық кеңес қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін аудандық мәслихат аппаратының ресми веб сайтында Ұйғыр ауданының Қоғамдық кеңесіне арналған бөлім ашылып, алдағы уақытта онда қоғамдық кеңестің қызметіне қатысты барлық ақпарат жария етілетін болады.
Алдағы уақытта Қоғамдық кеңеспен атқарылатын жұмыстарға тоқталатын болсақ. Бүгінгі таңда аудандық Қоғамдық кеңес оның қызметіне қатысты бірқатар кезек күттірмейтін мәселелерді шешуге тиісті, олардың ішінде:
Қоғамдық кеңестің Ережесін әзірлеп бекіту.
Қоғамдық кеңестің комиссияларын құрып олардың мүшелерін сайлау.
Қоғамдық кеңестің перспективалық жұмыс жоспарын бекіту.
Аудан әкімдігі мен әкімі және аудандық мәслихат қабылдануға тиісті нормативтік-құқықтық актілердің жобаларына қатысты қоғамдық тыңдаулар өткізу бойынша кең ауқымды жұмысты бастау.
Жоғарыда айтылғанға байланысты қазіргі уақытта аудандық қоғамдық кеңестің Ережесін жетілдіру жұмыстары жүргізілуде, кеңестің өткен отырысында Ереженің жобасы қолдарыңызға таратылып берілген. Егер оған енгізу қажет деп есептейтін мәселелеріңіз болса, оларды дереу аудандық мәслихат аппаратына беруілеріңізді сұраймын.
Қоғамдық кеңестің Ережесі, құрылатын комиссияларының саны мен құрамы жуықта өткізілетін Қоғамдық кеңестің қарауына енгізілетін болады.
Сол сияқты жуық уақытта аудандық жергілікті өкілді және атқарушы органдарымен қабылдануға тиісті нормативтік-құқықтық актілерді анықтау, олардың тізімдері мен жобаларын бұқаралық ақпарат құралдарына жариялау жұмысы жүргізілетін болады.
 
Қадірменді Қоғамдық кеңес мүшелері!
 
Өздеріңіз көріп отырғандай, аудандық Қоғамдық кеңестің нәтижелі жұмыс жасауын қамтамасыз ету үшін аудан әкімдігі мен мәслихат тарапынан барлық қажетті жағдайлар жасалды.
Ендігі кезеңде біз, өзімізге жүктеліп отырған жауапкершіліктің маңызын толық көлемде сезіне келе, аудандық атқарушы және өкілді органдарымен бірлесе отырып, азаматтық қоғам мүдделеріне сәйкес аянбай еңбек етуге тиістіміз деп есептеймін.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2019. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.