Чунджа +30 C°
Размер шрифта: больше или меньше

Жилье

Кокумбекова Нургуль Тохтаржанкызы

Дата: 03.06.2016
Просмотры: 954 Печать страницы
Вопрос: Алимжан Тохтасонович сізге қояр сұрағым мен 2015 жылы 13 Наурызда дүниеге 3 сәби әкелген едім.Бізге тұрмыстық жағдайымызға байланысты жолдасым екеүмізге жұмыс және баспана керек еді.4 баламен қиналып отырмыз. Осы мәселеге байланысты кандай көмек көрсете аласіздар

Ответ: Сізге бала күтіміне байланысты және көп балалы ана ретінде ай сайын 8824 теңге мөлшерінде арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленіп келеді.
Көп балалы отбасы ретінде Үлкен Ақсу ауылдық округ әкімі аппаратының бақылауына алынып, отбасына мүмкіндігінше көмек көрсетілуде. Отағасы Ф.Садамов 2015 жылы қоғамдық жұмысқа тартылған, ағымдағы жылы мүмкіндігінше жұмыспен қамтамасыз ету жолдары қарастырылуда. Сонымен қатар, Ф.Садамов 3-топ мүгедектігі бойынша зейнетақы төлеу орталығынан 27418 теңге мөлшерінде жәрдемақы алып отыр.
Медицина жағынан балаларыңыз 1 жасқа дейін тегін сүт қоспаларымен, медициналық қобдишалармен толық қамтамасыз етілген.
Сіз 2015 жылдың 04 мамыр айында «Тұрғын үйге мұқтаж әлеуметтік жағынан қорғалатын азаматтарды тұрғын үйге кезекке қою» журналында толық емес отбасы, әлеуметтік жағынан қорғалатын отбасы ретінде тіркеуге алынғансыз, ал бүгінгі күнде кезекте № 527 болып тұрсыз.
Мемлекет тарапынан мемлекеттік коммуналдық қордан тұрғын үйлер кезекте тұрған азаматтарға жыл сайын беріліп келген, алайда Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі №94-І «Тұрғын үй қатынастары» Заңының 74 бабының 3 тармақшасында «Көрсетілген тізімдерге енгізілген азаматтардың құқықтары тең деп танылады. Егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйді немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйді алуға осы тізімдерге енгізілген басқалар алдында, Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен қатысушыларын, сондай-ақ жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды қоспағанда, ешкімнің де басым құқығы болмайды» осыған байланысты аталған азаматшаға кезегіне сәйкес мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй берілетінін хабарлайды.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2019. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.