Чунджа +30 C°
Размер шрифта: больше или меньше

ГУ "Управление статистики Уйгурского района"

Әдеп кодексін сақтау

Категория: ГУ "Управление статистики Уйгурского района"
Дата: 20.09.2018
Просмотры: 127 Печать страницы

2018 жылдың 12 қыркүйегінде Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті Алматы облысының Статистика департаментінің Департаменттің Әдеп жөніндегі уәкілі Гүлбахыт Рымбекқызы Жүмәділова Ұйғыр ауданының Статистика басқармасы қызметшілеріне Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы заңнамалары мен Әдеп кодексін сақтау бойынша дәріс берді.

Сонымен бірге сыйлықтар туралы жадынама, киім үлгісі мен әлеуметтік желілердегі аккаунттарды пайдалану бойынша әдістемелік ұсынымдар бойынша да тақырыптар көтеріліп қызу талқыланды. Сондай-ақ 2019 жылы болатын Халық санағы туралы мемлекеттік қызметшілерге түсіндіру жұмыстары да жүргізілді.

Осы аталған тақырыптар бойынша басқарма қызметшілері арасында жиі-жиі оқыту жұмыстары жүргізіліп тұрды десек те, Әдеп жөніндегі уәкілдің тікелей өзінің келіп сабақ өткізуі, басқа да өзекті мәселелердің қаралып, тағы да қайта талқыға салынуы ерекше әсер қалдырды.

Создано на платформе Alison CMS © 2011-2019. Авторские права защищены законодательством Республики Казахстан.
Дизайн и разработка сайта от компании Licon.